Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арнайы құжат файлдарын жібереді": Антикор алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болғанын айтты

Жарияланған күні:

Ұялы телефон
Көрнекі фото: piqsels.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен орган қызметкерлерінің атынан қоңырау шалатын алаяқтық схемасы пайда болғанын мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және басқа да байланыс арналары) арқылы жалған аккаунттар құратын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен орган қызметкерлерінің атынан қоңырау шалуды жүзеге асыратын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін жеке тұлғалар тарапынан алаяқтық әрекеттер туралы азаматтарды ескертеді.

"Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді.

Жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз", - дейді құзырлы орган өклідері.

Антикор аталған хабарламаларды алған жағдайда, осындай деректер туралы Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136420-arnaiy-quzhat-faildaryn-zhiberedi-antikor-alaiaqtyqtyng-zhanga-shemasy-paida-bolganyn-eskertti/