Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шопандар мен байкерлер арасындағы жанжал: сот күдіктілерге бұлтартпау шарасын таңдады

Жарияланған күні:

Алматы облысында байкерлер мен шабандар жанжалдасып қалды
Алматы облысында байкерлер мен шабандар жанжалдасып қалды. Видеодан кадр: t.me/egovpress

Алматы облысының тауларында болған жанжалға күдікті ретінде танылғандарға бұлтартпау шарасы таңдалды. Сол кезде шопандар мен байкерлер арасында жанжал туындаған болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ Жоғарғы соттың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

Жоғарғы сот ақпаратынша, бұзақылық жасады деген күдікпен айыпталушыларға қатысты бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Алматы облысы Қарасай аудандық сотында топтық бұзақылық (Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-тармағы бойынша) жасады деген күдікпен айыптаушылар Н., О., А.-ға қатысты Қарасай ауданы полиция басқармасының "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаты қаралды.

Тараптардың ұстанымы:

  • Прокурор өтінішті қанағаттандыруды сұрады.
  • Іс бойынша жәбірленуші сот отырысында қазіргі уақытта күдіктілермен татуласқанын көрсетіп, оларды қоғамнан оқшауламайтын бұлтартпау шарасын қолдануды сұрады.
  • Қорғаушы-адвокат айыптаушылар сотқа дейін тергеу органдарынан жасырынбағандарын, асырауында кәмелетке толмаған балалары, тұрақты тұрғылықты жері бар екенін және бұрын сотталмағандарын көрсете отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұрады.

Сот шешімі:

  • Сот аталған мән-жайларды және ҚПК-нің 55, 146-148-баптарының нормаларын ескере отырып, "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау үшін негіздердің болмауына байланысты аталған бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартты және "ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде байкерлер мен атқа мінген ер адамның арасында болған жанжалдың видеосы тараған. Облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136459-shopandar-men-baikerler-arasyndagy-zhanzhal-sot-kudiktilerge-bultartpau-sharasyn-tangdady/