Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алакөл жағасында екі бала жоғалып кетті

Жарияланған күні:

Алакөл
Алакөл. Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

Жетісу облысындағы Алакөл жағалауында екі бала жоғалып кетті. Балалар демалыс аймағынан кетіп қалған, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Алакөл жағалауында ересектердің қарауынсыз қалған 2017 және 2018 жылы туған екі бала демалыс аймағының аумағынан өз бетінше шығып, адасып кеткен.

"Іздестіру операциясы барысында балаларды демалыс орнынан 1,5 шақырым қашықтықта, көлдің жағалауында тапты. Құтқарушылар оларды ата-аналарына тапсырды. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Еске салсақ Түркістан облысында кәмелетке толмаған екі бала көз жұмды. 8 жасар бала Мырзакент ауылында каналға құлап кеткен. Ал екінші 2 жасар бала Достық ауылында үйде жүрген кезде токқа қолын салып, мерт болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136540-alakol-zhagasynda-eki-bala-zhogalyp-ketti/