Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оларға қомақты айыппұл салынған: Түркістанда америкалық ерлі-зайыпты ұсталды

Жарияланған күні:

Әуежай
Әуежай: pixabay.com

Түркістанда рейске тіркелу кезінде АҚШ-тан келген ерлі-зайыптының Қазақстан заңнамасын бұзғаны анықталды. Олар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің Instagram-дағы ресми парақшасында Америкадан келген ерлі-зайыптыға қос азаматтық алғаны үшін 738 мың теңге айыппұл салынғаны хабарланды.

"Түркістан қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің көші-қон қызметінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, "Түркістан-Стамбұл" бағытындағы әуе рейсіне тіркелу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған ерлі-зайыпты анықталды. Олар 54 және 45 жастағы АҚШ азаматтары болып шықты", - делінген хабарламада.

Көлік полицейлері құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік хаттама толтырып, материалды Түркістан облысының мамандандырылған әкімшілік сотына жолдады.

Сот шешімі бойынша шетел азаматтары 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136555-olarga-qomaqty-aiyppul-salyngan-turkistanda-amerikalyq-erli-zaiypty-ustaldy/