Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1,5 млрд теңге шығын келген: Павлодар облысында жүк көліктерін тіркеуге заңсыз қойған

Жарияланған күні:

Жүк көлігі
Жүк көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Қаржылық мониторинг агенттігі материалдық пайда алу мақсатында алыс шетелдерден көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеуді жүзеге асырған адамдар тобын анықтады. Бұл туралы ҚМА Telegram-дағы арнасында хабарлады.

ҚМА ақпаратынша, бұл тұлғалар 2021 жылдың маусым-тамыз аралығында жүйелі негізде материалдық сыйақы үшін Павлодар облысында 150-ден астам жүк көліктерін бастапқы тіркеуге заңсыз қоюды жүзеге асырғаны анықталды.

Олар алғашқы тіркеу үшін алым төленгені туралы жалған түбіртектерді пайдаланып, ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәлімет енгізген. Бұл жайт бастапқы тіркеу үшін төлеуден жалтарып, мемлекетке жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам залалға әкеп соқтырды.

Соттың санкциясымен барлық заңсыз тіркелген көлік құралдарына тыйым салынды, күдіктілерге қатысты "қамауда ұстау" және "үй қамаққа алу" түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136621-pavlodar-oblysynda-150-den-astam-zhuk-koligin-tirkeuge-zangsyz-qoigandar-ustaldy/