Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан қатты сел жүрген Қырғызстанға бірнеше тонна гуманитарлық көмек жіберді

Жарияланған күні:

Көмек. Фото
Көмек. Фото: t.me/news24kg

Селден зардап шеккен қырғызстандықтарға Қазақстаннан 40 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Бүгін таңертең жүк шекарадан өтті, деп хабарлайды 24.kg медиа-порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жергілікті басылымның хабарлауынша, қазақстандық Biz Birgemiz Qazaqstan1 қайырымдылық қоры елдің оңтүстігіндегі селден зардап шеккен қырғызстандықтарға Алматыдан 40 тонна гуманитарлық көмек жіберген.

Бүгін, 19 шілде таңертең гуманитарлық жүк қырғыз-қазақ шекарасынан өтті.

Зардап шеккендерге Қазақстаннан ұн, қант, сондай-ақ гигиеналық өнімдер мен ең қажетті тауарлар жөнелтілгені атап өтілді. Гуманитарлық көмек Ош облысына жөнелтілді, ол жерде апаттан ең көп зардап шеккен тұрғындарға таратылады.

Айта кетейік, бұған дейін бортпен Қырғызстанның селден зардап шеккен тұрғындарына жалпы салмағы 2,7 тонна азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек жеткізілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136642-qazaqstan-qatty-sel-zhurgen-qyrgyzstanga-birneshe-tonna-gumanitarlyq-komek-zhiberdi/