Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-министр Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды

Жарияланған күні:

Арыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: gov.kz

Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы ресми сайтында хабарлады.

Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша құны 1,2 млрд теңге болатын мемлекеттік мүлік қайтарылды.

2024 жылғы 17 сәуірде Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді.

Cотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге төмендету көрініс тапқан заң бұзушылықтар расталды.

Әкімшілік ғимараттардың, спорт залдарының және басқа да құрылыстардың 7,6 мың м2, сондай-ақ 4,9 га жерді құрайтын мектептің мүлкіне, А. Мұхамедиұлымен аффилиирленген тұлғаларға тиесілі Nomad's Land ЖШС иелік еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136720-sottalgan-eks-ministr-arystanbek-muhamediulyna-tiesili-respublikalyq-sport-mektebi-memleketke-qaitaryldy/