Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанға қанша этникалық қазақ келді

Жарияланған күні:

Төлқұжат ұстап тұрған адам
Төлқұжат. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға қанша этникалық қазақ келгенін айтты. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 137,1 мың этникалық қазақ оралды.

2024 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша 8 758 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (49,5 пайыз) Қытайдан, 34,7 пайыз – Өзбекстаннан, 5,9 пайыз – Түрікменстаннан, 5,3 пайыз – Моңғолиядан, 3,3 пайыз – Ресейден және 1,3 пайыз басқа елдерден.

Осы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар 59 пайызды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,1 пайызды және зейнеткерлер 9,9%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17 пайызы жоғары білімді, 23,3 пайызы орта кәсіби білімді, 55,2 пайызы жалпы орта білімді, және 4,6 пайызының білімі жоқ.

"Қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары. Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 433 адамды құрайды. 2024 жылғы 1 шілдеге жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1891 қандас қоныс аударды", - деп хабарлады министрлік өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136753-tauelsizdik-algannan-beri-qazaqstanga-qansha-etnikalyq-qazaq-keldi/