Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қиын жағдайда емес": "Самұрық-Қазына" өкілі ҚТЖ қарызы туралы айтты

Жарияланған күні:

Пойыз
Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов қордың баспасөз мәслихатында Жоғары аудиторлық палата төрағасының сынына ілінген ҚТЖ қарызы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ол қорға қарайтын ҚТЖ қарызын "қиын жағдай емес" деп атап өтті. Сөзінше, қарыз вагондарды жаңартуға алынған, график бойынша кірістен алып, шетінен төленіп жатыр.

"Жоғары аудиторлық палата атаған 2,9 триллион теңге қарыз локомотивтер мен жолаушыларға арналған вагондарды жаңартуға алынды. ҚТЖ-ның қаржылық жағдайын, қаржылық тұрақтылығын "қиын жағдайда" деп айтпас едім. ҚТЖ қарыздарын уақытылы жауып жатыр. ҚТЖ-ға қатысты инвестициялық жоба жоспарда бар. 3-4 триллион теңге көлемінде.

ҚТЖ-ның басты мәселесі – тасымалдауды субсидиялау. Негізінен барлық жүктердің 73 пайызы өзіндік құннан төмен тасымалданады. ҚТЖ қарызына қатысты күрделі жағдай жоқ. Қырыз мөлшері инвестиция тарту қажеттілігін ескере отырып, басқарылатын дәліз шеңберінде", - деп қорытындылады Айдар Рысқұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136822-qiyn-zhagdaida-emes-samuryq-qazyna-okili-qtzh-qaryzy-turaly-aitty/