Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламен салынған сапасыз екі үйге қатысты іс сотқа жолданды

Жарияланған күні:

Көпқабатты үй
Тұрғын үй. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтөбеде алты жыл бұрын 337 млн теңгеге салынған қос үйдің қабырғалары жарылды. Апатты деп танылған әлеуметтік үйді салған құрылыс компаниясына қатысты тергеу аяқталды. Істе төрт күдікті бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысы прокуратурасының хабарлауынша, құрылыс басқармасы сапасыз салынған екі үйдің келісімшартын 2018 жылы жасаған. Ақтөбе қаласындағы Есет батыр ауданындағы 24 пәтерлік екі үйді салу бірінші "Машат" ЖШС-не міндеттеледі. Ол үшін бюджеттен 337 млн теңге бөлінді. Тұрғын үйлердің құрылысы кейіннен қосалқы мердігер "Агро-Сервис" ЖШС-не өткен.

Көппәтерлі қос үй 2019 жылдың қазан айында пайдалануға берілді. Бірақ тұрғындар қоныс тойын тойлап үлгермей жатып, қайтадан көшуге мәжбүр болды. Себебі жаңа баспаналардың іргетасы сөгіліп, қабырғасы қақыраған.

Бірнеше мәрте тексеріс қорытындысынан кейін үйлер апатты деп танылып, бұзуға ұсынылған.

"Іргетас бетон блоктарының техникалық сипаттамалары ГОСТ талаптарына сәйкес келмейді.

Жиналған дәлелдемелердің негізінде күдіктілерге қатысты "үйқамақ", сондай-ақ "кепіл" түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды", - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық прокуратурасы

Қазіргі уақытта облыс прокуратурасы төрт күдіктіге қатысты қылмыстық істі Ақтөбе қаласының №2 сотына жолдады.

Іс Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 278-бабының 2-бөлігі және 280-бабының 1-бөлігімен қаралады. Бұл алаяқтық және сапасыз салынған құрылыс және сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтiк қызметтер көрсетуді тиісінше орындамау болып саналады.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136921-aqtobede-memlekettik-bagdarlamen-salyngan-sapasyz-eki-uige-qatysty-is-sotqa-zholdandy/