Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Microsoft операциялық жүйесіндегі жаһандық ақау: Қазақстанның цифрлық даму министрлігі мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Ер адам компьютермен жұмыс істеп отыр
Компьютер. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Microsoft операциялық жүйесінде ақау шығып, бірқатар елде әуежайлар мен IT-сервистердің жұмысы тоқтап қалды. Осыған байланысты Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Microsoft операциялық жүйесінің жаһандық істен шығуына байланысты, бірқатар елде әуежайлар мен IT-сервистердің жұмыстарда ақаулық байқалады, осыған байланысты мынаны хабарлаймыз:

Қазіргі уақытта елдің маңызды инфрақұрылымдары мен мемлекеттік IT-сервистерінің жұмысында ешқандай ақаулар тіркелмеген. Шағымдар түскен жоқ, барлық жүйе қалыпты режимде жұмыс істеуде. Цифрлық даму министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін желіде Microsoft операциялық жүйесінде ақау шыққаны туралы хабарламалар тарады. Бұл дүниежүзіндегі бірқатар банк, авиакомпания мен әуежай, сондай-ақ телеарналар мен басқа компаниялардың жұмысына әсер етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136927-microsoft-operatsiialyq-zhuiesindegi-zhahandyq-aqau-qazaqstannyng-tsifrlyq-damu-ministrligi-malimdeme-zhasady/