Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлық" базарына дейін ұзарту жоспарланған": жауапты маман метро мен БРТ-ға қатысты жаңалықтарды бөлісті

Жарияланған күні:

Алматы метросы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы мәслихатының кезектен тыс XXI сессиясында қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев метро, ЛРТ және БРТ бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық мобилділік басқармасы басшысының айтуынша, бүгінде "Қалқаман" метро станциясының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, содан кейін метроны "Барлық" базарына дейін ұзарту, тағы 3 жаңа станция салу жоспарланып отыр.

"Биылғы жылы біз Райымбек даңғылы бойынша БРТ-ның бірінші учаскесін салуға және Желтоқсан көшесі бойынша Тимирязев көшесінен Райымбек даңғылына дейін БРТ-ны жалғастыруға кірісеміз. Сондай-ақ, Төле би көшесі бойынша ЛРТ құрылысына ТЭН (техникалық экономикалық негіздеме) әзірлеу жалғасып жатыр. Аталған жобаларды іске асыру қоғамдық көлікті дамытуға оң әсер етеді, қала тұрғындары үшін қозғалыс ыңғайлы болады", - дейді Сағындық Телібаев.

Айта кетейік, бүгін VIII сайланған Алматы мәслихатының кезектен тыс XXI сессиясы барысында депутаттар қаланың қоғамдық көлігінде жол жүрудің 120 теңгелік жаңа тарифін мақұлдады.

Бұған қоса сессия барысында қолма-қол ақшамен төлеуді алып тастау жоспарланып отырғаны мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136936-almatyda-brt-salu-zhumysy-qashan-bastalady/