Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бірқатар өңірінде қатты жаңбыр жауады: ТЖД өкілдері ескерту жасады

Жарияланған күні:

Нөсер жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі фото: pexels.com

Жамбыл және Алматы облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖД өкілдері тұрғындарға ескерту жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жамбыл облыстық ТЖД мәліметінше, "Қазгидромет" РМК филиалының ауа райының қолайсыздығына байланысты ескертуіне сәйкес, 20 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел екпіні 15-20 м/с, күндіз жел екпіні 25 м/с дейін жетеді деп болжанған.

Синоптиктердің болжамынша, 20 шілдеде облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Сонымен қатар Тараз қаласында 20 шілдеде кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

"Құрметті облыстың таулы аудандарының тұрғындары! Жауын-шашын көп түсуі мүмкін деген болжамға байланысты тұрғын үйлердің учаскелері мен оларға іргелес аумақтарды су басуды болдырмау үшін дренаж жүйесін сәйкестендіру және арықтарды тазарту бойынша уақытылы шаралар қабылдауды сұраймыз", - деді ТЖД мамандары.

Сонымен қатар Алматы облыстық ТЖД мамандары да тұрғындарға ескерту жасады. "Қазгидромет" РМК мамандарының ауа райының нашарлауына байланысты ескертуі бойынша 2024 жылғы 19 шілде сағат 20:00-ден 20 шілде сағат 20:00 дейін Алматы облысының таулы аудандарында кейде қатты жаңбыр жауады.

"Облыстың солтүстігі мен оңтүстігі, таулы аймақтарында найзағай ойнауы мүмкін. Жел оңтүстік-батыс облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с-ке жетеді", - деп ескертті ТЖД өкілдері.

Қонаев қаласында 20 шілдеде күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыс жел кейде екпіні 18 м/с-ке дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136948-elimizding-birqatar-ongirinde-qatty-zhangbyr-zhauady-tzhd-okilderi-eskertu-zhasady/