Семейде бірнеше сиыры тоққа түсіп арам қатқан тұрғын жанайқайын айтты
Жарияланған күні:
Семей қаласының маңында бірнеше бас ірі қара тоққа түсті. Жайылымда жүрген сиырлар үзіліп жерге түскен тоқ сымын таптап кетіп, арам өлген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Оқиға бүгін Бобровка кентінде болған. Мал иесі портал тілшісіне өрісте жүргенде тоққа түскен сиырларының суретін көрсетіп, жанайқайын айтты. Тұрғынның сөзінше, тоқ сымы сиырларды бауыздап түсіп, түлігі арам қатқан.
"Менің екі сиырым арам қатты. Жалпы бір мезетте бес сиыр тоққа түскен. Ал сымның қай уақыттан бері үзіліп жатқаны белгісіз", - деді мал иесі Гүлжайнат.
Оқиға мал өрісте жүрген сәтте болған. Қала шетіндегі тұрғындар күн көрісі төрт-түліктің өнімі екенін алға тартады. Сиырдың сүтін сатып, табыс тауып отырған олар енді не істерін білмей дал.
Қалалық әкімдік өкілдері портал тілшісіне бұл жайт бойынша оқиға орнында әкімдік пен полиция қызметкерлері анықтау жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлім етті.
Автор: Елжан Нұрболатов
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137062-semeide-birneshe-siyry-toqqa-tusip-aram-qatqan-turgyn-zhanaiqaiyn-aitty/