Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүзіп қайттым": Алматыда нөсер жаңбыр жауды (видео)

Жарияланған күні:

Алматыдағы нөсер жаңбыр
Алматыдағы нөсер жаңбыр. Видеодан кадр: t.me/almatytoday

Бүгін Алматыда қатты жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшейді. Алматылықтар желіде алған әсерін бөлісіп, видеолар жариялап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео мен әлеуметтік желідегі пікірлерге қарағанда, ауа райының қолайсыздығынан Алматыны су басқан. Бұған қоса жаңбырдан кейін қалада қатты жел соқты.

Жаңбырдан кейін қаладағы жолдарды су басып, жолдан өту қиындайған.

Видео астындағы пікірлерде алматылықтар алған әсерімен бөлісіп, биылғы жаз ерекше жаңбырлы болғанын айтқан:

"Мен Қапшағайға бармасам, Қапшағай маған келеді", "Жақсылап жүзіп қайттым", "Қайта ауа тазарды", "О, тегін су".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137071-zhaqsylap-zhuzip-qaittym-almatyda-noser-zhangbyr-zhaudy-video/