Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Киіз үйде ашық-шашық киініп билегендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жарияланған күні:

Бишілер
Бишілер. Видеодан кадр: Instagram/thenewcrush

ҰҚК мен Бас прокуратура киіз үйде ашық-шашық билегендерге қатысты пікір білдірді. Ұлттық киіммен өнер көрсеткен азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ парламент мәжілісіне сілтеме жасап.

Депутаттар мәжілістің ресми сайтында ұлттық киім киген азаматтардың киіз үйдегі биіне қатысты сауал жариялаған. Айта кетейік, аталған видео көпшіліктің қызу талқысына түскен еді.

Бас прокуратура депатуттық сауалға жауап беріп, аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

"Депутаттық сауалда көрсетілген бейнеролик Алматы облысының Қарасай ауданында түсірілгені анықталды. Аталған факті бойынша 2024 жылғы 1 шілдеде Қарасай ауданының Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі (əлеуметтiк, ұлттық, рулық, нəсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Бүгінде қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптама тағайындалды, орын алған жағдайдың мəн-жайларын анықтауға бағытталған тергеп-тексеру əрекеттері жүргізілуде. Олардың нəтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, қылмыстық іске процестік шешім қабылданады", -делінген Берік Асыловтың жауабында.

Аталған жайтқа қатысты ҰҚК бастығы Ермек Скғымбаев та пікір білдірді.

"Қылмыстық кодекстің 174-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының негізгі белгісі кінәлі адамның нақ алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана уәжі болып табылатынын хабарлаймыз.

Тек бір бейнеролик негізінде оның авторларының ниетінің шынайы бағытын сенімді түрде анықтау мүмкін болмағандықтан, қылмыстық заңның көрсетілген нормасы бойынша объективті құқықтық баға беру мүмкін емес.

Қылмыстық кодекстің 174-бабының көрсетілген ерекшелігіне және қылмыстық істердің осы санаты бойынша қалыптасқан сот-тергеу тәжірибесіне байланысты саясаттанушыларды тарта отырып, сот психологиялық-филологиялық сараптама жүргізу (маманның зерттеуі) белгілі бір тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта бұл жұмысты Алматы облысының полиция департаменті жүргізуде", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137095-kiiz-uide-ashyq-shashyq-kiinip-bilegenderge-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/