Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Damumed алаяқтардың әрекетіне байланысты халыққа үндеу жасады

Жарияланған күні:

Ақша және телефондағы Дамумед қосымшасы
Ақша және телефондағы Дамумед қосымшасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Damumed қосымшасын пайдаланатын қазақстандықтарға алаяқтардың әрекетіне байланысты хабарлама келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Хабарламада алаяқтар қосымшаның ресми хабарламасы сияқты көрінетін жалған жлектронды хаттар жолдайтыны айтылған.

"Damumed ешқашан үшінші тарап сілтемелері арқылы құпия сөзді өзгертуді сұрамайды. Барлық әрекетті тек ресми сайт пен DamuMed қосымшасы арқылы орындаңыз", - делінген хабарламада.

Осылайша қосымша қазақстандықтарды күдікті сілтемелер бойынша өтпеуге және өз деректерін бөгде сайттарға енгізбеуге шақырды.

Айта кетейік, жақында eGov порталы қазақстандықтарға 1414 нөмірінен келетін хабарламалар бойынша үндеу жасаған еді. Портал өкілдері алаяқтарға алданбас үшін азаматтарды 1414 нөмірінен келген құпия сандары бар хабарламаларды үшінші тұлғаларға жібермеуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137101-damumed-alaiaqtardyng-areketine-bailanysty-halyqqa-undeu-zhasady/