Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында 9 жастағы бала жоғалып кетті

Жарияланған күні:

Маненов Алинұр Ерланұлы
Маненов Алинұр Ерланұлы. Фото: Абай облысы полиция департаменті

Кеше, 19 шілдеде Семейде ер бала жоғалып кетті. Полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған балаға ​​іздеу жариялап, қазақстандықтардан көмек сұрады, деп хабарлайды өңірлік полицияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Абай облысы полиция департаментінің Instagram-дағы реми парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, Алинұр Маненов есімді бала 19 шілдеде сағат 12:00 шамасында Семей қаласы Театральная көшесі 11-үй мекенжайынан белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен.

Полиция өкілдері баланы іздеуге жәрдемдесуді сұрайды.

Белгілері: шашы қара, көзі қоңыр. Бойы: 135-140 см, арық келген.

Киген киімі: қара қалпақ, қызыл футболка, күрең түсті шолақ шалбар, қара және жасыл түсті кроссовка.

Фотосуреттегі ұл баланы көрген-білгендер болса, 102 нөміріне хабарлауды сұраймыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137263-abai-oblysynda-9-zhastagy-bala-zhogalyp-ketti/