Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шалкөде жайлауында шопандар тойы өтті

Жарияланған күні:

Шалкөде жайлауында өткен шопандар тойы
Шалкөде жайлауында өткен шопандар тойы. Фото: Алматы облысының әкімдігі

Көк жайлаудың төресі, желмаясына мініп жаһанды кезген Асанқайғының арманындағы жерұйық мекен – Шалкөде жайлауының төрінде қазақтың ұлттық құндылықтары жаңғыртылып, ұзақ жылдар бойы ұлықталмай ұмыт болып бара жатқан шопандар тойы дүркіретіп аталып өтілді.

Көшпенді елдің ұлттық мәдениеті ұлықталып, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен өнері, ас мәзірі мен дала спорты дәріптелетін, жалпы ұлттық болмысымыз насихатталды.

Шалкөде жайлауында өткен шопандар тойы
Шалкөде жайлауында өткен шопандар тойы. Фото: Алматы облысының әкімдігі

Шалкөде жайлауында өткен шопандар тойы
Шалкөде жайлауында өткен шопандар тойы. Фото: Алматы облысы әкімдігі

Қасиетті Қарадаланы мекен еткен Ұйғыр ауданы ауылшаруашылығы мен малшаруашылығына бейімделген аудан. Шарада аудан әкімі Бота Серікқызы төрт түлігін түгендеп, төрт құбыласын теңестірген малшаруашылығының нағыз майталмандары малшылар қауымын мерекесімен құттықтап, мал бағу мен мал басын көбейтуде озық еңбек етіп, жетістіктерге жеткен бірқатар ауыл малшыларын арнайы марапаттап, маңдай тер мен адал еңбегін елеп, ескерді.

Шалкөде жайлауында өткен шопандар тойы
Шалкөде жайлауында өткен шопандар тойы. Фото: Алматы облысының әкімдігі

Шалкөде жайлауында өткен шопандар тойы
Шалкөде жайлауында өткен шопандар тойы. Фото: Алматы облысы әкімдігі

Қазақ күресінен жауырыны жер иіскемеген палуандар боз кілемде бақ сынасты. Ат құлағында ойнайтын спортшылар теңге ілуден сайысқа түссе, білекті жігіттер ат үстінде аударыспақтан тамаша ойын көрсетті. Қошқар көтеруден де бірқатар жігіт жарысқа түсті.

Шалкөде жайлауында өткен шопандар тойы
Шалкөде жайлауында өткен шопандар тойы. Фото: Алматы облысы әкімдігі

Шалкөде жайлауында өткен шопандар тойы
Шалкөде жайлауында өткен шопандар тойы. Фото: Алматы облысы әкімдігі

Сап түзей тігілген ақшаңқан үйлерде ас беріліп, бір-бірімен арқа-жарқа болысқан ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар, әзілі жарасқан бозбала, бойжеткендер нағыз тойдың сәнін кіргізді. Алдағы жылдары ауқымы кеңейетін естен кетпес дүбірлі той болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137302-shalkode-zhailauynda-shopandar-toiy-otti/