Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ: еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Найзағай
Найзағай. Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктердің болжамынша, ертең, 21 шілдеде Қазақстанның көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, кей облыстарда өрт қаупі сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Астана 21 шілдеде кей уақыттарда найзағай ойнайды деп болжанды. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Алматыда ертең түнде кей уақытта найзағай ойнайды деп болжанды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с болады.

21 шілдеде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Ертең Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жексенбіде Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

21 шілдеде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың бытысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ертең түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады деп болжанды. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.

Жексенбі Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тауларында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

21 шілдеде күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с болады. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ертең күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. 21 шілдеде облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жексенбі Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

21 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ертең Ақмола облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жексенбі түнде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршак күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с болады.

21 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Ертең күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

21 шілдеде таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жексенбі түнде Атырау облысының батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

21 шілдеде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137317-qatty-zhangbyr-naizagai-burshaq-elimizding-barlyq-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/