Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жастардың тауға кешкі серуені құтқарушыларды шақырумен аяқталды

Жарияланған күні:

Құтқарушылар мен бір топ жас
Құтқарушылар мен бір топ жас. Фото: https://instagram.com/roso_kazakhstan

Алматы облысында бір топ жас кешкісін тауда адасып кетті. Оларға көмекке құтқарушылар жіберілді, деп хабарлайды ТЖМ-нің Республикалық жедел-құтқару жасағына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"2004 және 2009 жылы туған екі жігіт пен 2003 жылы туған қыз кешкі уақытта Қырғауылды ауылының тауына шығып, қараңғы түскен кезде жолдан адасып кеткен. Осылайша олар өз бетімен таудан түсе алмай қалған", - делінген хабарламада.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Instagram-дағы парақшасында айтылған.

Жастар құтқарушыларды шақырып, өздерінің орналасқан жерін жіберіп үлгерген. Құтқарушылар жоғалғандарды тауып, қауіпсіз жерге жеткізді және аман-есен туыстарына тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137449-almaty-oblysynda-zhastardyng-tauga-keshki-serueni-qutqarushylardy-shaqyrumen-aiaqtaldy/