Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия короліне жеделхат жолдады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Бельгия королі Филипп
Қасым-Жомарт Тоқаев және Бельгия королі. Фото: .me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі Филиппке Корольдіктің Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филиппке Бельгия Корольдігінің ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, делінген Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында.

"Қазақстан мен Бельгияны берік достық пен өзара құрметке негізделген тығыз серіктестік қарым-қатынас байланыстыратынын қуанышпен атап өткім келеді", - деп жазылған жеделхатта.

Қазақстан Президенті жеделхатында Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, Бельгия халқына бақ-береке тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137461-toqaev-belgiia-korolin-quttyqtady/