Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда аққу мен үйрек, қарға өліп жатыр

Жарияланған күні:

Аққу
Аққу. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау қаласының маңында аққу мен үйрек, қарға өліп жатыр. Қанаттылардың неден өлгені әзірге белгісіз болып отыр.

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Видеода элеватор маңындағы ағынды су құйылуы мүмкін тұста құстардың өлексесі түсірілген.

"Экологиялық төтенше оқиға ма? 20 шілдеде Атырау қаласының ағынды сулары мен Атырау мұнай өңдеу зауытының қалдықтары ағызылатын элеватордың артындағы "Тухлая балка" – құстар көп болатын жер. Ал мынау өліп жатқан аққу, үйрек, қарғаның балапандары жалғыз жүзіп жүр... Экологтардан "Не болды, не болып жатыр?" деп сұрайын дегенім... Олар жауап бере ме екен? Таныс аңшылар "Бұл жерде қандай да бір жергілікті дренаж немесе қоқыс тасталған" деп есептейді", - деп хабарлады видео авторы Виктор Сутягин.

Әзірге ресми органдар бұл дерекке байланысты пікір білдірген жоқ.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайық өзенінің жағалауынан 160 тонна топырақ салынған қап жиналған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137482-atyrauda-aqqu-men-uirek-qarga-olip-zhatyr/