Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте шұңқырға түсіп кеткен сиырды құтқарушылар алып шықты (видео)

Жарияланған күні:

Сиырды құтқарып жатқан сәт
Сиырды құтқарып жатқан сәт. Фото: t.me/qr_tjm

Шымкенттің Абай ауданында құтқарушылар сиырды шұңқырдан шығаруға мәжбүр болды. Олар жануарды арқанмен байлап, алып шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Құтқарушыларға Шымкент қ. Абай ауданында сиырдың шұңқырға құлап кеткені туралы қоңырау түсті.

"Оқиға орнына келген құтқарушылар жануарды байлап, күш салып, шұңқырдан аман-есен алып шықты", - делінген ТЖМ-нің ресми Telegram-арнасында.

Үй иесі құтқарушыларға сүйікті жануарын құтқарғандары үшін алғысын айтты.

Айта кетейік, маусымда Жезқазғандағы ескі құдыққа құлап кеткен жылқыны құтқарушылар арқанмен шығарып алған болатын. Жануар зардап шекпеді.

Сондай-ақ еске сала кетейік, сәуір айында су тасқыны кезінде қазақстандық құтқарушылар бірнеше рет жануарларды судан шығаруға мәжбүр болған. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында жылқыларды құтқару операциясы жүргізілді. Тағы бірде аттарды құлағынан тартып шығарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137509-shymkentte-shungqyrga-tusip-ketken-siyrdy-qutqarushylar-alyp-shyqty-video/