Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген": "Қазпошта" АҚ кассирлері күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Ақша номиналы
Ақша номиналы. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы прокуратураның үйлестіруімен мемлекеттік қызметтер көрсетілгендігі үшін жасалған төлемдерді аса ірі мөлшерде жымқыру мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Агенттіктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, тергеп-тексеру кезінде Алматы облысы Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде қызмет көрсететін "Қазпошта" АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырғандығы анықталған.

"Көші-қон қызметіне баж сомасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген. Тергеп-тексеру жүріп жатыр, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық құқықбұзушылықтар үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді", - деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137761-memleketke-84-mln-tenggeden-asa-shygyn-keltirgen-qazposhta-aq-kassirleri-kudikke-ilindi/