Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша жәбірленуші тәртіп бұзғаны үшін сот залынан шығарылды

Жарияланған күні:

Судья
Судья. Көрнекі фото: KamiPhotos / Getty Images

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кезекті сот отырысында судья жәбірленуші Абай Жүнісовке қатысты үкім шығарды. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"2024 жылғы 18 шілдеде өткен сот отырысында куәгер Родионовтан жауап алу кезінде жәбірленуші куәгермен және сотталушы Батыршаевпен сөзге келіп, сот отырысында тәртіпті бұзып, төрағалық етуші судьяның бұйрығына бағынбаған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 346-бабына сәйкес, сот отырысында тәртіп бұзылып, төрағалық етушінің өкіміне бағынбаған жағдайда, судья тәртіп бқзған адамды сот отырысы залынан шығаруға құқылы", - деді судья Мәртпек Кәкімжанов.

Кәкімжановтың айтуынша, судья жәбірленуші Абай Жүнісовтің бұрын мұндай заңбұзушылыққа жол бермегенін ескерген. Сондықтан ол сот отырыстарының бәрінен бірдей шеттелімейді, тек 22 және 25 шілдеде өтетін екі отырысқа қатыса алмайды. Сондай-ақ ол жәбірленуші шешімге шағымдана алмайтынын айтты.

Еске салсақ, 2022 жылғы наурызда Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалды ұсталғаны белгілі болды. Жемқорлыққа қарсы агенттік Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Одан бөлек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалдының Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137794-gulmira-satybaldy-isi-boiynsha-zhabirlenushi-tartip-buzgany-ushin-sot-zalynan-shygaryldy/