Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада тамыз айындағы айлық жол жүру тарифтері өзгермейді

Жарияланған күні:

Астана
Астана. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада қоғамдық көлікте жүру ақысының көтерілуіне байланысты тамыз айында ұзақ мерзімді жол жүру – айлық, үш айлық, сондай-ақ күнделікті жол жүру тарифтерінің бағасы сол қалпы қалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тасымалдаушы City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

"Өзгерістер болған жайғдайда, сіздерге міндетті түрде алдын ала хабарлаймыз", - дейді компания өкілдері.

City Transportation Systems компаниясы мәліметінше, елорданың қоғамдық көлігіндегі тариф түрлері мынадай:

  • Айлық жол жүру:
  • Қала – 7 500 теңге;
  • Қала+қала маңы – 9 500 теңге;
  • Үш айлық жол жүру – 20 000 теңге (тек жеке тұлғаларға).

Тәуліктік жол жүру:

  • 1 тәулік – 500 теңге;
  • 3 тәулік – 1 500 теңге;
  • 5 тәулік – 2 000 теңге;
  • 15 тәулік – 4 000 теңге.

Ауысып отыру сапарлары бойынша

:

Ауысып отырумен 15 сапар – 2 000 теңге;

Ауысып отырумен 30 сапар – 4 000 теңге.

(60 минут ішінде 1 рет ауысып отыру)

___

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137944-elordada-tamyz-aiyndagy-ailyq-zhol-zhuru-tarifteri-ozgermeidi/