Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында сарбаздар бұйрықты орындамай, Қазақстанның жаңа қаласына қашып кеткен (видео)

Жарияланған күні:

Сарбаз
Сарбаз. Видеодан кадр: t.me/almatyoblysysottary

Қонаевта бұйрықты орындамаған екі сарбазға байланысты қатардағы сарбаздардың қатысуымен көшпелі сот процесі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы облысының соттарына сілтеме жасай отырып.

Алматы облысы соттарының ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, Қонаев қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотында қатардағы сарбаздарға қатысты қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірмеген, бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын орындамауы фактісі бойынша әкімшілік ісі қаралды (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 652-бабы 6-бөлігі).

Іс материалдына сәйкес 8 шілдесінде сарбаздар күн тәртібі бойынша бекітілген жоспарды бұзбаужайлы аға сержанттың ауызша бұйрығын қасақана орындамай және сол күні кешке шамамен сағат 20:00-де әскери бөлімшенің аумағынан қосалқы есік арқылы ескертусіз шығып, Алатау қаласына қашып кеткені анықталды.

Әскери бөлімде осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларда құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында сот актісін жария ету үшін олардың қызметтестері шақырылды.

Сот қаулысымен сарбаздар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 652-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 652-бабы 6-бөлігі бойынша бұл құқық бұзушылық үшін жаза ретінде 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.

Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында Алматы облысындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала атанып, жаңа Алатау атауын алуы мүмкін екені белгілі болды.

Ағымдағы жылдың қаңтарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Нәтижесінде Іле ауданы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала қатарына жатқызылып, Алатау қаласы деп аталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137989-almaty-oblysynda-sarbazdar-buiryqty-oryndamai-qazaqstannyng-zhanga-qalasyna-qashyp-ketken-video/