Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жасырын медресе анықталды (видео)

Жарияланған күні:

Жасырын медресе
Жасырын медресе. Видеодан кадр: instagram.com/almaty_obl_prok

Алматы облысында 19 бала заңсыз тәрбиеленіп жатқан жасырын медресе анықталды. Олардың барлығы ата-анасына қайтарылды, деп хабарлайды облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланғандай, Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен Қарасай ауданының прокуратурасы "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасы аясында құқық қорғау және уәкілетті органдармен бірлесіп, 19 бала заңсыз тәрбиеленіп жатқан медресені анықтады.

"Тәжікстанның тумасы жеке үйдің аумағында араб жазулары бар діни әдебиеттерді пайдаланып, балаларға сабақ берген.

Тексеру барысында 179 дана діни әдебиет, сондай-ақ ұялы телефон мен ноутбук тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Кінәлі тұлғаны заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр", - деді прокуратурадан.

Сондай-ақ барлық баланың ата-анасына қайтарылғаны айтылды.

Еске сала кетейік, өткен жылы Түркістан қаласында полиция қызметкерлері ҰҚК департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 5 пен 17 жас аралығындағы 68 балаға заңсыз діни сабақтар өткізу фактісін анықтаған еді. Мұндағы оқу ақысы 100 мың теңге болған. Ер кісінің үйінде Түркістаннан ғана емес, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарынан, Абай ауданынан, Өзбекстаннан келген балалар оқыған. Діни сипаттағы 100-ден астам кітап тәркіленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2138055-almaty-oblysynda-zhasyryn-medrese-anyqtaldy-video/