Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жиі апатқа ұшырайтын ұшақ үлгілерінің бірі тексеріледі

Жарияланған күні:

Ұшақтардың ұшуы туралы мәліметтерді қарап отырған маман
Ұшақтардың ұшуы туралы мәліметтерді қарап отырған маман. Фото: Көлік министрлігі

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі шағын авиация пайдаланушыларының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі шараларды күшейтіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Көлік министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, авиациялық жұмыстарға тартылған шағын авиациялық әуе кемелерін пайдаланудың көктемгі-жазғы кезеңінің басталуымен авиациялық апат деректері жиілеп кетті.

Осыған байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің тапсырмасына сәйкес авиациялық оқиғалардың қайталануын алдын алуға, оның ішінде компаниялардың қызметін тоқтата тұру, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтата тұру, заңнама талаптарын бұзған тұлғаларды әкімшілік жауапқа тарту шараларын күшейтетінін мәлім етті.

"Сондай-ақ пайдаланушыларға ұшу жарамдылығын бағалау бағдарламасы бойынша Ан-2 үлгісіндегі барлық әуе кемесіне қосымша бағалау жүргізу, авиациялық қызметкерлердің ұшуды орындауға дайындығын бақылауды күшейту және басқа да алдын алу шаралары мәселелері бойынша нұсқаулар берілді", - делінген хабарламада.

Министрлік ақпараты бойынша оқиға себептерін тергеуді Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссиясы жүзеге асырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2138088-qazaqstanda-zhii-apatqa-ushyraityn-ushaq-ulgilerining-biri-tekseriledi/