Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында тұрғын әкімнен таяқ жедім деп шағымданды: полицейлер түсініктеме берді

Жарияланған күні:

Төбелесіп жатқан адамдар
Төбелес. Көрнекі фото: mrohana/Getty Images

Желіде Алматы облысы Тұздыбастау ауылының тұрғыны ауылдық округ әкімі оны ұрып-соғып, балағаттағанына шағымданғаны түсірілген видео тарады. Бұл жайтқа байланысты облыстық ПД пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тұздыбастау ауылының тұрғыны ауылдық округ әкімі оны ұрып-соққанын, балағаттағанын, артынан қуып келіп ұрғанын айтқан. Тұрғынның шағым түсірілген видео Instagram-дағы kris_p_talgar паблигінде жарияланды.

Ер адамның айтуынша, дау жерге қатысты туындаған. Тұрғын әкімдік өкілдері жердің бағасын түсіріп, "қызыл аймаққа" кіргізіп жіберген. Ер адам осы сұрақ бойынша әкімдікке барған.

KAZ.NUR.KZ тілшісіне бұл ақпаратқа байланысты облыстық ПД түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, дерек Талғар ауданының ПБ-да тіркелген.

"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайларын зерттеуде толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін екі тараптың дәлелдеріне барлық қажетті тексеру жүргізілуде.

Айта кету керек, екі азамат бір-біріне қатысты полицияға арыз берген", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2138106-almaty-oblysynda-turgyn-akimnen-taiaq-zhedim-dep-shagymdandy-politseiler-tusinikteme-berdi/