Тараз қаласының аумағы тағы кеңеюі мүмкін: әкімдік қаулысы ашық талқыға шығарылды
Жарияланған күні:
Читать на русском"Ашық НҚА" порталында Жамбыл облысы әкімдігі мен облыстық мәслихаттың облыс орталығының шекарасын кеңейту туралы бірлескен қаулысы жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Құжатта Тараз қаласы, Жамбыл және Байзақ аудандары әкімдіктері мен мәслихаттарының бірлескен ұсыныстары негізінде Тараз қаласының шекарасына Жамбыл ауданының жалпы көлемі 11 257,9181 гектар жер бөлігін, Байзақ ауданының жалпы көлемі 1.761,2014 гектар жер бөлігін қосу жолымен Тараз қаласының шекарасын өзгертіп, шекаралардың жалпы көлемін 31 798,0742 гектарға жеткізу жоспарланғаны жазылған.
Түсіндірме құжатта қала шегі барлық бағыт бойынша реттелетіні айтылған: солтүстік-шығыс, солтүстік, онтүстік-шығыс және онтүстік бағытта, Байзақ және Жамбыл аудандарының 14
Шекараларды жалпы ауданы 31 798,0742 гектарға белгілеу ұсынылады. Бұл ретте жобаға түсіндірме жазбада қаланың шекарасын реттеу барлық бағыттар бойынша: солтүстік-шығыс, солтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік бағытта, Байзақ және Жамбыл облыстарындағы 14 елді мекенді қосып алу көзделгені көрсетілген.
Осылайша қала аумағы ауданын 18787,0 гектардан 573,0 мың халық санымен 31798,7 гектарга дейін ұлғайту көзделген.
"Тараз қаласының аумағын ұлғайту пәтер мен жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін алу кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қосылған аумақтарда өндірістік қуаттарды дамыту жоспарланып отыр, өйткені бүгінгі таңда бос орынның жоқтығы әр түрлі өндіріс орындарын салу бойынша инвесторлардан түсетін ұсыныстарды қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді", - делінген түсіндірме құжатта.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2138163-taraz-qalasynyng-aumagy-tagy-kengeiui-mumkin-akimdik-qaulysy-ashyq-talqyga-shygaryldy/