Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жауапты органдар қажет шараларды қабылдай алмады": алаяқтар Аймағамбетовтің де атынан хабарлама жіберіп жатыр

Жарияланған күні:

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов желідегі жеке парақшасында кибералаяқтық проблемасы өршіп бара жатқанын жазды. Ол таныстарына әртүрлі деңгейдегі басшылардан, достарынан және туыстарынан жалған хабарламалар келіп жатқанын, бұған қоса алаяқтар өзінің де атын жамылып, хабарласып жатқанын мәлімдеп, жауапты органдар қызметкерлерін сынға алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аймағамбетов Instagram-дағы жеке парақшасында алаяқтар оның атынан таныстарына хабарласып жатқанын жазды.

"Алаяқтар менің де атымнан SMS пен WhatsApp арқылы хабарласуда.

Шынын айтсам, күн сайын маған және таныстарыма әртүрлі деңгейдегі басшылардан, достардан немесе туыстардан жалған хабарламалар келіп жатыр", - дейді ол.

Ол жауапты органдар қажетті шараларды дер кезінде қабылдай алмағанын сынға алды.

"Құзыретті құрылымдар азаматтарды жаппай ақпараттық шабуылдар мен киберқылмыстардан қорғау үшін шұғыл шаралар қабылдауы керек еді.

Бұл жағдайда ең таңғаларлық нәрсе – әлі де жауапты органдардан белсенді және ең бастысы тиімді әрекеттерді, шешімдер мен бастамаларды көріп жатқан жоқпыз", - деп жазады депутат.

Ол халықты арнайы органдарды күтпей, әркім өз бетінше сақтық шараларын қолдануға шақырды

"Дегенмен арнайы органдарды күтпей, алаяқтардың әдістері туралы хабардар болып, өзімізді және жақындарымызды олардың әрекеттерінен қалай қорғау керек екенін біліп, шара қолдануымыз керек", -дейді Аймағамбетов.

Бұған дейін алаяқтар Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атынан жалған хабарламалар жолдап жатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2138202-zhauapty-organdar-qazhet-sharalardy-der-kezinde-qabyldai-almady-alaiaqtar-aimagambetovting-de-atynan-zhalgan-habarlamalar-zhiberip-zhatyr/