Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы апат: жұмысшылардың бірі көз жұмды
Жарияланған күні:
Қарағандыда ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен науқастардың бірі қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері дәрігерлер қанша тырысқанымен төтенже жағдай кезінде зардап шеккендердің бірін аман алып қала алмағанын хабарлады.
"Денесінің 85 пайызын күйік шалған, 1993 жылғы жағдайы өте ауыр болған науқас көз жұмды. Туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Еске салсақ, 20 шілде таңғы сағат 04:10-да Қарағандыдағы YDD Corporation ферроқорытпа зауытында апат болып, кәсіпорынның 8 жұмысшысы ауруханаға жеткізілгенін жазған едік.
Зауыт өкілдері зардап шеккен жұмыскерлердің барлығына шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.
Кейін полиция өкілдері осы жайт бойынша Қылмыстық кодексінің 156-бабы 2-бөлігі – "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2138214-qaragandydagy-ferroqorytpa-zauytyndagy-apat-kuiik-shalgan-zhumysshylardyng-biri-koz-zhumdy/