Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алаяқтар хат жібере бастаған: Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері қазақстандықтарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Ұялы телефон және жер картасы. Көрнекі сурет
Ұялы телефон және жер картасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтардың жалған хабарламаларына байланысты қазақстандық салық төлеушілерге ескерту жариялады. Бұл туралы ведомство Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Комитет ақпаратынша, бүгінде салық төлеушілердің электрондық мекен-жайларына жіберілетін "банк шоттарындағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алуды бұзушылықтарды жою туралы ескерту" деген тақырыппен жалған хабарламалар/хабардар жағдайлары жиілеп кетті.

"Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік кірістер органдары қалыптастыратын барлық хабарламалар нормативтік-құқықтық актілермен бекітілгенін хабарлайды. ҚМ МКК ақпараттық жүйелерінде хабарламаларды қалыптастыру кезінде хабарлама нөмірлері оларға енгізілген алгоритм бойынша автоматты түрде жасалады", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Мемлекеттік кірістер комитеті ақпараттық жүйелері хабарламаларды тек "салық төлеушінің кабинетіне", "электрондық үкімет" порталының жеке кабинетіне және E-salyq мобильді қосымшаларына жібереді.

"Салық төлеуші хабарламалардың бір бөлігін бірден өзінің жеке кабинетінде КТС, ЭҮП немесе ESA, ESO-да көре алады. Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылған хабарламалар салық төлеуші қол қойылған PDF нысанын өзінің электрондық поштасына КТС немесе ЭҮП арқылы дербес сұратады", - деп атап өтті комитет өкілдері.

Осыған байланысты, мемлекеттік кірістер комитеті қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, қолма-қол ақша аудармауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2138265-alaiaqtar-hat-zhibere-bastagan-memlekettik-kirister-komiteti-okilderi-qazaqstandyqtarga-undeu-zhasady/