Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында тағы бір мектеп бітіруші ҰБТ-дан 140 балл алды

Жарияланған күні:

Айым Ержанова. Фото
Айым Ержанова. Фото: telegram.org/@gylym_jogary_bilim

Ақмола облысы Қосшы қаласының түлегі Айым Ержанова 140 балл иегері атанды. Жас түлек ҰБТ-ның өзінен 90 балл жинап, IELTS халықаралық сертификатының баллын ҰБТ баллына ауыстырған, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі Telegram-дағы арнасында.

Министрлік ақпаратынша, мектеп түлегі "Ағылшын тілі" пәні бойынша балдарды ауыстыру үшін IELTS халықаралық сертификатын ұсынған.

"Айым ҰБТ-ны төрт пән бойынша тапсырып, 90 балл жинады. Сонымен қатар ол "Ағылшын тілі" пәні бойынша балдарды ауыстыру үшін IELTS халықаралық сертификатын ұсынды.

Ережелерге сәйкес, IELTS балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш беріп, сертификаттың растығы анықталған соң жоғары оқу орнынының қабылдау комиссиясы арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қазіргі уақытта Айым Ержанова 140 балдың екінші иегері атанды және конкурсқа ең жоғары балмен қатысады", - делінген министрліктің әлеужелідегі хабарламасында.

Сондай-ақ IELTS халықаралық сертификатындағы балдарды ауыстыруды есепке алғанда, Ақмола облысы Қосшы қаласының талапкері Мардан Күншығаров 139 балға ие болған. .

Айта кетсек, биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Барлық гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2138271-aqmola-oblysynda-tagy-bir-mektep-bitirushi-ubt-dan-140-ball-aldy/