Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Батпаққа айналып барады": Сарыбұлақ өзеніне қатысты астаналықтардың шағымына әкімдік жауап берді

Жарияланған күні:

өзен
Өзен. Көрнекі фото: pixabay.com

Астаналықтар қаладағы Сарыбұлақ өзені батпаққа айналып, жағымсыз иіс шыға бастағанын айтты. Тұрғындардың шағымына елорда әкімдігі жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-дағы арнасында тұрғындардың шағымын жариялады.

"Астанада Сарыбұлақ өзені көз алдымызда батпаққа айналып жатыр. Көрші үйлердің тұрғындары иістің жағымсыз екенін жазуда", - делінген хабарламада.

Астана әкімдігі Instagram желісіндегі ресми парақшасында Сарыбұлақ өзенінің жағалауында және оның су бетінде, атап айтқанда, теміржол желісінен Сарыбұлақ өзенінің Есіл өзеніне құярына дейінгі аумақта тұрақты түрде санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Сонымен бірге Сарыбұлақ өзенінің батпаққа айналуы және жағымсыз иістің шығуына жазғы маусымның басталуы, әсіресе жоғары атмосфералық температура кезінде су деңгейінің төмендеуі, табиғи ағынның болмауы себеп болып отыр. Жағдай балдырлар мен фитопланктондардың көбеюіне әкеліп соқтырады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2138328-batpaqqa-ainalyp-barady-sarybulaq-ozenine-qatysty-astanalyqtardyng-shagymyna-akimdik-zhauap-berdi/