Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында элеватор ғимараты бұзылды (видео)

Жарияланған күні:

instagram.com/alau.tv
Бұзу жұмыстары. Фото: Бұзу жұмыстары. Фото

Қостанай облысында Жітіқара ауданы Пригородное ауылындағы элеватор ғимараты қауіпті деп танылды. Оны бұзу туралы шешім қабылданды. Кеше жарылыс жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Алау ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жітіқара аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, былтырдан бері бұрынғы элеватор ғимаратының иесі "Astana Business Systems" ЖШС болған.

22 шілдеде жарылғыш құралдар арқылы бұзу жұмыстары жүргізіліп, элеватордың орталық бөлігі утилизацияланды.

Жітіқара ауданының әкімдігі полиция бөлімімен бірлесіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдарды жауып тастады.

Жарылыс кезінде тұрғындар дыбыс және жарық арқылы хабардар етілген.

"Элеватор аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі дыбыс толқыны далаға өтуі үшін Элеватор ғимаратының қабырғасы арнайы топырақпен көмілді", - дейді жауапты ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2138505-qostanai-oblysynda-elevator-zharyldy-video/