Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет тасқыннан зардап шеккен білім беру мекемелерін қалпына келтіруге 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Жарияланған күні:

Қазақстандағы су тасқыны
Қазақстандағы су тасқыны. Фото: primeminister.kz

Үкімет көктемгі су тасқынынан зардап шеккен білім беру мекемелері мен ұйымдарын қалпына келтіруге төтенше резервтен қосымша қаражат бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, қалпына келтіру жұмысы еліміздің үш өңірін – Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарын қамтиды. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы – 7,5 млрд теңге. Бұл қаражат бүлінген нысандарды қалпына келтіруге, сондай-ақ қираған нысандардың орнына жаңа білім беру мекемелерін салуға жұмсалады.

"Қостанай облысында Жангелдин ауданындағы Айса Нұрманов атындағы мектеп ғимаратын жөндеу жоспарланған. Ақмола облысында Атбасар қаласында №1 мектеп, Атбасар ауданы Сергеевка ауылында "Есіл" сауықтыру кешені, сондай-ақ Державинск қаласында Абай атындағы мектеп салынады. Ақтөбе облысында Көтібар батыр атындағы мектеп және Мұғалжар ауданындағы "Балауса" балабақшасы, Ойыл ауданындағы "Балбөбек" мектеп-бақшасы мен балабақшасы, Екпетал мектебі қамтылады.

Бөлінген қаражат жергілікті атқарушы органдарға бүлінген ғимараттарды алдағы оқу жылы басталғанға дейін уақытылы қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл – білім беру процесінің үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз етеді", - делінген хабарда.

Биылғы 17 шілдеде үкіметте су тасқынынан кейін тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру мәселелері жөнінде өткен кеңес барысында премьер-министр Олжас Бектенов қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын жеделдетуді және орталықты туындап жатқан мәселелер туралы үнемі хабардар етіп отыруды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2138592-ukimet-su-tasqynynan-zardap-shekken-bilim-beru-mekemelerin-qalpyna-keltiruge-7-mlrd-tenggeden-astam-qarazhat-boldi/