Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алиса енді қазақша сөйлейді: ақылды құрылғы тағы не істей алады

Жарияланған күні:

Виртуалды көмекші Алиса
Фото: Yandex Qazaqstan

Виртуалды көмекші Алиса күнделікті міндеттерді орындау үшін көптеген нәрсені үйреніп үлгерді. Мысалы, үйіңізде демалуға қолайлы атмосфера жасап, үй шаруасына көмектесе алады. Бүгін сіздерге пайдалы дағдыларды қалай табуға болатыны немесе бос уақытыңыздың сценарийін құрастыру жолдары туралы айтып береміз.

Лайфхак 1. Көңіл күйге байланысты музыка

Дұрыс таңдалған музыка тізімі жұмыс күнінен кейін демалуға көмектеседі. Тек Алисаға "Медитацияға арналған музыка қосыңыз" деп айтып, кешті жағымды, тыныш атмосферада өткізуге болады. Сонымен қатар Алисадан әрқашан бейтаныс композицияның орындаушысының атын сұрап, оған лүпіл қоюын сұрай аласыз. Иә, иә, "Лүпіл қой" деп айтыңыз, ал Алиса тректі таңдаулылар қатарына қосады.

Ал егер кештің пайдалы өтуін қаласаңыз Алиса сізге қызықты подкасттар тауып береді. Мысалы, бюджетті қалай дұрыс басқару керек екенін білгіңіз келсе, Алисаға: "Ақша және қаржы туралы подкаст қос" деген бұйрық беріңіз.

Үстелдегі котенка
Фото: Yandex Qazaqstan

Лайфхак 2. Mute

Сүйікті әндеріңізбен бірге ән айтқанды ұнатасыз ба және Алиса оны жаңа іздеу сауалы деп санағанын қаламайсыз ба немесе ата-анаңыз сізге қоңырау шалды ма? Mute функциясы ақылды бағананың микрофонын өшіреді, ал Алиса сізге ән іздемейді немесе туыстарыңызбен сөйлесуге араласпайды. Алисаның көмегі қажет болған кезде Mute түймесін қайта басыңыз.

Лайфхак 3. Ақылды үй

Алисаның көмегімен ақылды үйдің құрылғыларын басқаруға болады. Демалысыңызды жағымдырақ ету үшін шамдардың түсін көзге ыңғайлы етіп өзгертіңіз – мысалы, қызғылт сары.

Лайфхак 4. Оятқыш

Ертең сізді жаңа, жағымды әсерге толы күн күтіп тұрғанын ұмытпаңыз. Алиса ең батыл жоспарларды іске асыруға көмектеседі: оятқышты қояды және сіз жиналып жатқанда ертеңгі ауа райын айтады. Сергек оянғыңыз келе ме? Алиса сіздің сүйікті трегіңізді оятқыш дыбысына қойсын!

Ас үйдегі қыз
Фото: freepik.com

Лайфхак 5. Рецепттер

Не пісіру керек екенін ойлап, уақыт жоғалтқыңыз келмей ме? Алисадан пайдалы таңғы ас рецебін сұраңыз.

Алисада әлі де көптеген қызықты функция бар және үнемі жаңалары пайда болып отырады. Мәселен, жақында орыс тілінен қазақ тіліне ауысу мүмкіндігі пайда болды, енді командалар екі тілде қол жетімді! Тілді баптауларда "Көмекшінің тілі" мәзірін ашып, "Қазақша + Русский" опциясын орындау арқылы қосып алуға болады. Оны жаңа құрылғыларда да, бұрын сатып алынған құрылғыларда да қоса аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2138601-alisa-endi-qazaqsha-soileidi-aqyldy-qurylgy-tagy-ne-istei-alady/