Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда медициналық жоғары оқу орындарына түсу тәртібі қиындауы мүмкін

Жарияланған күні:

Читать на русском
Медициналық қызметкер
Медициналық қызметкер. Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін министрлер кабинетінде өткен брифингте елімізде медицина кадрларын даярлау сапасы қалай жақсартылатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрлігінде білім беру бағдарламаларының сапасы мен медициналық кадрларды даярлау мәселесі қаралғанын айтты.

"Бүгінгі таңда еліміздің 14 жоғары оқу орнында 69 мыңға жуық медицина қызметкері білім алып жатыр. Олардың 48 пайызы мемлекеттік тапсырыс бойынша, ал 52 пайызы ақылы білім алып жатыр. Жатақхана тапшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамның жүктемесі қалыпты деңгейден 1,5 есе жоғары.

Осыған байланысты біз жалпы ақылы негізде оқытуды кезең-кезеңімен оңтайландыруды ұсындық, өйткені биылдың өзінде 10,5 мыңға жуық дәрігер оқуын аяқтады, жалпы алғанда, медициналық кадрлардың тапшылығы біртіндеп азаяды деп ойлаймын", - деді ол.

Әлназарованың айтуынша, былтыр еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарының біріне ақылы негізде 1200-ге жуық студент қабылданған болса, биыл 700-ге жуық студент қабылданады.

"Қабылданатын студенттер санын 500 адамға қысқартты, оқуға тапсыру балын жоғарылатты. Бұл медицинаға үздік түлектердің түсуіне және студенттердің еліміздің медициналық ЖОО-да сапалы білім алуын қамтамасыз етуге негіз болады", - деді Әлназарова.

Еске салайық, қазақстандық жоғары оқу орындарында білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініштерді қабылдау 13 шілдеде басталып, 24 шілдеде аяқталады.

2024-2025 оқу жылына жоғары білім беру бағдарламалары бойынша барлығы 78 219 грант бөлінді.

Айта кетейік, бүгін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі анализдерінде жемқорлық тәуекелдері көп деп танылған "СҚ-Фармацияны" жабуға қатысты журналистер сұрағына жауап берді.

Сондай-ақ министр Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимы агенттігінің медициналық ұйымдардағы жемқорлық фактілері туралы мәлімдемесіне пікір білдірді.

Бұған қоса Ақмарал Әлназароваға коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсалық сақтау ұйымы неліктен әлі тіркемегенін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2138724-qazaqstanda-meditsinalyq-zhogary-oqu-oryndaryna-tusu-tartibi-qiyndauy-mumkin/