Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент білім басқармасы ведомство басшысы жұмыстан босатылғаны туралы ақпаратты теріске шығарды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Нұргүл Шәмшиева
Нұргүл Шәмшиева. Фото: Шымкент білім басқармасы

Шымкент қаласы білім басқармасының өкілдері ведомство басшысы қызметінен кетті деген ақпаратты жоққа шығарды. Олар Шәмшиеваның қазір еңбек демалысында екенін айтты, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы қызметінен кеткені туралы ақпарат жалған екенін мәлімдейміз. Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Шәмшиева Нұргүл ағымдағы жылдың 15 шілдесінен бастап еңбек демалысында.

Жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - делінген қалалық білім басқармасының Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетсек, Шымкент білім басқармасының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін "қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті және аударма" мамандығы бойынша бітірген. Тұран-Астана университетінде "Психология" мамандығы бойынша білім алды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында "Менеджмент" мамандығы бойынша магистратура бойынша білім алған.

Корольдік басқару институтында (Нидерланды, Гаага) мемлекеттік басқару мәселелері бойынша тағылымдамадан өтіп, жоғары білім беру қоры (Ұлыбритания, Лондон) ұйымдастырған оқыту бағдарламасы бойынша білім алды.

Ол еңбек жолын Қызылордадағы №173 орта мектебінің мұғалімі болып бастаған.

Содан кейін Мәдениет министрлігінде, Білім және ғылым министрлігінде түрлі лауазымдар атқарған.

Нұргүл Шәмшиева өткен жылдың қазанынан бері Шымкент қалалық білім бөлімін басқарып келеді. Бұған дейін ол қалалық білім сапасын қамтамасыз ету бөлімін басқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2138940-shymkent-bilim-basqarmasynyng-basshysy-zhumystan-bosatylgany-turaly-aqparatty-teriske-shygardy/