Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Qarmet АҚ-нан ұрлық жасады деп күдікке ілінгендерге іздеу жарияланды (фото)

Жарияланған күні:

Қылмыстық іс құжаттары
Қылмыстық іс құжаттары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігі Qarmet АҚ-дан ұрлық жасады деген күдікпен іздестіріліп жатқан адамдардың фотосын жариялады. Бұл туралы Polisia.kz Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Ішкі істер министрлігі Qarmet АҚ-нан ұрлық жасады деген күдікпен қылмыстық топтың аса ірі көлемде жасаған алаяқтық фактісі бойынша (ҚК 190-бабының 4-бөлігі) тіркелген қылмыстық іс бойынша іздестірілуде:

  • Ахметжанов Мирас Қалымбекұлы, 02.04.1987 жылы туған, Абай облысының тумасы, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Бұлтартпау шарасы "қамауда ұстау".
  • Чижевский Андрей Александрович, 29.11.1987 жылы туған, Қостанай облысының тумасы. Бұлтартпау шарасы "қамауда ұстау".

"Іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат болса, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментіне Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 1 мекенжайы бойынша немесе 8-705-177-14-19, 8-702-975-62-48, 8-775-299-79-97, 8-7172-72-20-99 телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі!", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2138962-iim-qarmet-aq-dan-urlyq-zhasady-degen-kudikke-ilingenderge-izdeu-zhariialady-foto/