Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

45 млн теңге пара алған Петропавл ауыр машина жасау зауытының экс-директорына сот үкімі шықты

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: piqsels.com

Петропавл ауыр машина жасау зауытының бұрынғы директорларына қатысты үкім шығарылды. Зауыттың бұрынғы бас директоры аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін 11 жылға, атқарушы директор төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМА-ға сілтеме жасап.

Петропавл ауыр машина жасау зауытының бас және атқарушы директорларына қатысты, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде қозғалтқыштар мен гироблоктарды жеткізуді жүзеге асырған кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі ҚМА тергеді.

"2022 жылы зауыт Қорғаныс министрлігінен әскери техниканы жөндеуге тапсырыс алғаны анықталды, оны орындау кезінде жеке кәсіпкермен жалпы сомасы 283,3 млн теңгеге қосалқы бөлшектер жеткізуге шарт жасалды.

Орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және шартты орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бас директор атқарушы директор арқылы кәсіпкерден 100 мың АҚШ доллары (45 млн теңге) сомасында пара алды", - делінген ҚМА хабарламасында.

Сот үкімімен зауыттың бұрынғы бас директоры аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін 11 жылға, атқарушы директор төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар құзырлы орган мәліметінше, мемлекет кірісіне 40 млн теңгеге пара сомасына сатып алынған пәтер тәркіленді. Қалған 5 млн теңге сотталғандардан тең үлестермен өндірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2138979-45-mln-tengge-para-algan-petropavl-auyr-mashina-zhasau-zauytynyng-eks-direktoryna-sot-ukimi-shyqty/