Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ферроқорытпа зауытында қаза тапқан қызметкердің отбасына қандай көмек көрсетіледі

Жарияланған күні:

Ақша санап жатқан адам
Ақша санап жатқан адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

YDD Corporation компаниясы Карағандыдағы ферроқорытпа зауытында төтенше жағдайдан кейін қаза тапқан қызметкердің отбасына қолдау көрсететінін мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ компанияның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Компания өкілдері зауытта пеш бастығы болып жұмыс істеген Музафар Имантайұлының қайтыс болуына байланысты оның туыстарына қандай көмек көрсетілетінін айтты.

"Жерлеуді ұйымдастыру, ас өткізу және мазар салу бойынша барлық шығынды өз мойнына алады, сондай-ақ отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар компания мына міндеттемелерді атқарады:

  • отбасын қолдау үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем жасайды;
  • отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек көрсетеді;
  • қызметкер мен оның жұбайының барлық несиелерін толық өтейді.

"Сондай-ақ YDD Corporation барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді жалғастырып, осылайша әріптестеріміздің мүмкіндігінше тезірек өз отбасыларына оралуларына жағдай жасайды", - дейді компания өклідері.

Еске салсақ, 20 шілде таңғы сағат 04:10-да Қарағандыдағы YDD Corporation ферроқорытпа зауытында апат болып, кәсіпорынның 8 жұмысшысы ауруханаға жеткізілгенін жазған едік.

Зауыт өкілдері зардап шеккен жұмыскерлердің барлығына шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Кейін полиция өкілдері осы жайт бойынша Қылмыстық кодексінің 156-бабы 2-бөлігі – "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Кейін Қарағандыда ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен жұмысшылардың ауруханада бірі қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139042-ferroqorytpa-zauytynda-qaza-tapqan-qyzmetkerding-otbasyna-qandai-komek-korsetiledi/