Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жасырын вейп сатқан ағайындыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды (видео)

Жарияланған күні:

Вейпті жасырын сатқан дүкен
Вейпті жасырын сатқан дүкен. Фото: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысында вейп сатумен айналысқан ағайындыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп, құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізді.

"Нәтижесінде Түркістан қаласында заңмен тыйым салынған темекі өнімдерін сатқан екі сауда дүкені анықталып, жалпы 327 вейп тәркіленіп алынды.

Аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 20 маусымынан бастап Қазақстанда шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына тыйым салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139045-turkistan-oblysynda-zhasyryn-veip-satqan-agaiyndylarga-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy-video/