Өскеменде жеті жасар бала жоғалып кетті
Жарияланған күні:
Читать на русскомӨскеменде жеті жасар бала жоғалып кетті. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол 23 шілдеде серуендеуге шығып, үйіне қайтып оралмаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Өскеменде Богдан есімді 7 жасар бала жоғалып кетті. Instagram желісіндегі osa_news_vko парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, оны соңғы рет 23 шілдеде "Самал" қалалық саябағында көрген.
ШҚО полиция департаменті мәліметінше, бала таңертең серуенге шығып, қайтып келмеген. Бала серуенге кеткенде үстінде қызыл футболка, көк шолақ шалбар, қара аяқ киімде болған, деп хабарлайды YK-news.kz басылымы.
Құтқарушылар мен полиция өкілдері бүлдіршінді іздеп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139078-oskemende-zheti-zhasar-bala-zhogalyp-ketti/