Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 100-ден аса жүк көлігі айыппұл тұрағына қойылды (видео)

Жарияланған күні:

Полиция рейдтері
Полиция рейдтері. Фото: polisia.kz

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланушылардың жүк көлігі айыппұл тұрағына қойылды, Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Polisia.kz медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, өңірде жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерінің алдын алып, тосқауыл қою мақсатында облыс полицейлері тұрақты түрде рейдтік-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырып жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов бұл шараны қатаң бақылауға алған. 

Осы ретте Сауран ауданында рейд өтіп, бір тәулікте заңсыз жер қойнауын тасымалдаудың бес жайты анықталған. Жүк көліктері айыппұл тұрағына қойылды. Ал құжаттар әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін экология департаментіне жолданды. 

Жалпы Түркістан облысында жыл басынан бері "Жер қойнауын өз бетінше пайдалану" дерегімен төрт қылмыстық іс тіркелген.

Бұдан бөлек заңсыз жер қойнауын пайдаланудың 150 дерегі анықталып, жинақталған құжаттар "Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу" бабымен экология департаментіне жолданған. Айыппұл тұрағына 164 жүккөлігі (92 "Хова", 72 "Камаз"), 17 арнайы техника қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139084-turkistan-oblysynda-100-den-asa-zhuk-koligi-aiyppul-turagyna-qoiyldy-video/