Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада көшедегі әскери техника мен полиция көліктері видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Астана көшесінде кетіп бара жатқан бірнеше полция көліктері
Астана көшесінде кетіп бара жатқан бірнеше полция көліктері. Видеодан кадр: t.me/astanovka_98

Астананың сол жағалауында әскери техника мен полиция көліктері түсірілген видео тарады. Мемлекеттік күзет қызметі өкілдері видеоға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар Telegram-дағы Astanovka98 арнасында жарияланған. Видеодан полиция көліктері мен әскери техниканың кетіп бара жатқанын көруге болады.

"Түнде оқырмандар сол жағалау аймағында әскери техника мен бірнеше полиция көлігін байқады", - деп жазды автор.

Мемлекеттік күзет қызметі баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне бірлескен оқу-жаттығу өткізілгенін мәлімдеді.

Ведомство басқа мәліметтерді жарияламады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139093-astanada-tunde-koshedegi-askeri-tehnika-men-politsiia-kolikteri-videoga-tusip-qaldy/