Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"351,6 гектар жер игерілмеген": Жетісайда бос жатқан жерлер мемлекетке қалай қайтарылып жатыр

Жарияланған күні:

Игерілмей жатқан жер
Жер телімі. Көрнекі фото: gov.kz

Жетісайда ауыл шаруашылық мақсатындағы игерілмей жатқан жер учаскелері анықталып, қажетті іс--шаралар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Трүкістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тапсырма берген болатын.

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, осы бағытта Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың бастамасымен аудандағы игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Аудан әкімінің өкімі негізінде аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің жер қатынастары секторы тарапынан арнайы жұмысшы тобы құрылып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жер учаскелеріне түгендеу жүргізілген.

Тексеру нәтижесінде ауыл шаруашылық мақсатындағы игерілмеген жер учаскелерінің көлемі 351,6 га құрап, жер иелеріне Түркістан облысының жер ресурстарының басқару департаменті тарапынан тексеру тағайындау хабарламалары берілген.

Соның нәтижесінде, 5 азамат 18,2 га жерді өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарса, 7 тұлға 65,7 га жерді қайта игеруге кіріскен. 20,1 га жер телімі иесіз мүлік ретінде тіркелген. Бүгінде 41 жер пайдаланушыға тиесілі жалпы ауданы 247,5 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмеген жер телімдерін мемлекетке қайтару бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Одан бөлек, аудандағы қала, кент, ауылдық округтердегі заңсыз құрылыстарды жою бойынша анықтау, зерделеу жұмыстары жүргізіліп, құжаттары толық алынбаған. Яғни дұрыс емес және өз мақсатына сай пайдаланылмаған нысандар анықталып, Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына және жер ресурстарын басқару департаментіне өз құзыреті шегінде шара көру үшін жолдау бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139204-351-6-gektar-zher-igerilmegen-zhetisaida-bos-zhatqan-zherler-memleketke-qalai-qaitarylyp-zhatyr/